Құрметті ата-аналар, әріптестер!
Кадрлық өзгерістер туралы хабарлаймыз: біздің мекемеде 2025 жылдан 23 желтоқсан күнінен бастап Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарасу ауданының білім бөлімінің Станциял жалпы білім беретін мектебі" КММ директорының міндетін атқарушы - Антонова Светлана Анатольевна тағайындалды.
Светлана Анатольевна Қарасу ауданында, Қарасу ауылында дүниеге келген. 2003 жылы Станция орта мектебін бітірді. 2010 жылы грантқа түсіп, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына "Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі"мамандығы бойынша оқуға түсті.
Сол жылы Станция орта мектепке тәрбиешінің көмекшісі лауазымына қабылданылып, 2012 жылы мектеп тәлімгері лауазымына ауыстырылды. 2014 жылы бастауыш сынып мұғалімі лауазымына ауыстырылды.
2019 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтына "Математика және информатика"мамандығы бойынша оқуға түсті. 2020 жылы бастауыш сынып мұғалімі лауазымынан директордың оқу бөлімі бойынша орынбасары және математика мұғалімі лауазымына ауыстырылды.
Бұрынғы басшыға атқарылған жұмысы үшін Алғыс білдіреміз және одан әрі кәсіби қызметінде табыс тілейміз!
Антонова Светлана Анатольевнаны тағайындалуымен құттықтаймыз және жемісті ынтымақтастықта жұмыс істеуге үміттенеміз.
Пікірлер қосу